Наурыз көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман есен шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек айтып жатады. Наурыз мерекесіне де балаларда шет қалмады.
Бүкіл Қазақстан көктемгі күн мен түннің теңелу күні қарсаңында "Көрісу күнін" атап өтеді, бұл күні адамдар кездесулерге қуанады, қол алысып, достық құшақтасып, ізгі тілектер айтады.
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”,