2023 жылдың 20 қаңтарында "Петровка орта мектебі" КММ-де "Сұрақтар мен жауаптар жетістікке жетудің алғашқы қадамдары" атты жас мамандарға арналған шебер-сынып өткізілді. Шебер-сынып мазмұнына инновациялық формалар мен әдістерді қолдана отырып сабақты жоспарлау мен құру кірді. Педагогтар шебер-сыныптан алған әсерлерімен бөлісті.