Керемет мереке - Алғыс айту күні жақындап келеді. Алғыс айту күнін мерекелеу аясында мектепте бірқатар іс-шаралар өтуде. 20-24 ақпан аралығында 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері балаларға мерекенің тарихын және барлық қазақстандықтар үшін күннің маңыздылығын айтып берді. Мектеп Парламенті әлеуметтік желілерде "Алғыс білдіремін"акциясын өткізеді. Тәлімгер А. К. Сыздықова мен "жақсылық әлемі" еріктілер жасағы қарт адамдарға көмек көрсетеді.