"Ясная Поляна ОМ" КММ-де кіші буын оқушылары үшін Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Жиында біздің мектептің оқушылары сахнаға шығып, өнерлерін көрсетті. Мектеп директоры балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, ғылыми олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарын марапаттады.