Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

Білімді ел

Bilim land

block2_eop.png?_=1495531126
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

"Ал, қанеки, қыздар!» тақырыбында байқау

#Эстетикалық циклдің онкүндігі
Наурыздың 14 күні "Тайынша қаласының №3 орта мектебі " КММ-де эстетикалық цикл онкүндігі аясында көркем еңбек мұғалімі Гринь Е.Д. "Ал, қанеки, қыздар!» тақырыбында байқау өткізді. Байқауға 8 "А" және 8 "Б" сыныптарының қыздары қатысты. Іс-шараға қатысушылар "Сәлемдесу", "Буриме", "Көңілді аспаздар", "Жіп-ине", "Жұмбақ байлам"сияқты түрлі кезеңдерде бақ сынасты. Қыздар қолөнершілер, сән дизайнерлері, үй шаруасындағы әйелдер мен аспаздар рөлінде болды. Қыздар тапқырлық көрсетіп, барлығының көңіл-күйін көтерді.
Байқау қорытындысы бойынша 8 “А” сыныптың “Түймедақ” командасы жеңімпаз атанды, II орынды 8 "Б" сыныптың “Қоңыраулар" командасы иеленді.
Көңілді және қызықты байқаулар іс-шара қонақтарын бейжай қалдырмады. Көрермендер жақсы көңіл -күйге бөленіп, риза болды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь