1 "А"сыныбында сынып жетекшісі Н.С. Лисовская "Оқу жылының беттерін парақтау" бірінші оқу жылының қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс балалармен бірге ойын түрінде өтті. Балалар аналарымен бірге әртүрлі тапсырмаларды орындады: әдеби кейіпкерлер туралы жұмбақтар шешті, "Сөзді жина", "Хайуанаттар бағы" ойындарын ойнады. Ата-аналар "Көңілді үзіліс" байқауына қатысты. Жиналыс соңында ата-аналар балаларымен бірге "Гүлдерге" тілектер жазып, "Гүлдер алаңын" құрды.