Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне арналған іс-шаралар өткізілуде.
2023 жылдың 3 сәуір мен 7 сәуір аралығында "Зеленоғай орта мектебі"КММ-де Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне арналған іс-шаралар өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – аутизм спектрінің алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу мәселелеріне қалың жұртшылықтың назарын аудару, дер кезінде медициналық көмекке жүгінуге мотивацияны қалыптастыру мақсатында халықтың әртүрлі топтарын аутизм туралы ақпараттандыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Шара аясында мектепте ақпараттық стенд қойылды.