"Кеңес Одағының Батыры И.М.Бережной атындағы Келлер орта мектебі " КММ-де
оқушылары мен Номад пікірсайыс клубының жетекшісі Тилек С. 22.04.2023 күні М. Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған облыстық оқушылар пікірсайыс онлайн турниріне белсене қатысып, үздік 8 команданың қатарынан көрінді. Ойын барысы өте қызықты, тартысты өтті. Ойын соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталады.